«Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 111 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 953 Қаулысы

«Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 111 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 953 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 111 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру қағидалары мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

«3-тарау. Оңайлатылған әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде әкімшілік практиканың біркелкілігін қалыптастыру ерекшеліктері

17. Хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қосуды және сұранымдарды қарау кезінде әкімшілік практиканың біркелкілігін қалыптастыру мақсатында әкімшілік органдар ӘРПК-нің 89-бабында көзделген жауап беру, назарға алу не оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

Оңайлатылған әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде:

1) хабарлама бойынша мынадай мәліметтерді қамтитын жауап беріледі:

Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бұзылу фактісі бойынша қабылданған немесе қабылданып жатқан шаралар, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың және олардың лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктер туралы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.